Кітапхана іс - шаралары



       Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана  жүйесінде   Қыркүйектің 19 жұлдызында   үстіміздегі жылы «Бір ел-бір кітап » акциясы аясында  Фариза Оңғарсынованың «Дауа» кітабы бойынша  «Мен –ақынмын, әйелмін әлемді ойлар»  тақырыбында поэзиялық кеш  өткізіліп, «Мен сенің жүрегіңдемін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандары, мекемелер мен кәсіпорын жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер, студенттер, мектеп оқушылары және оқу орындарының оқытушылар құрамы қатысып,                                                                                    жаппай  осы кітаппен танысып, оқуда.
       Кешке ауданымыздың  мектеп мұғалімдері, колледж мұғалімдері қатысып ат салысты.Ақын апамыздың  туған жерге, анаға, махаббат  туралы өлеңдерінен жыр шыртелді.Поэзияға құштар жастар мәнерлеп  нақышына келтіріп оқыды.

Ақынның ең бірінші «Бұлбұл» атты тұңғыш жинақ кітабының ішінен  «Бұлбұл» өлеңін көп салалы колледжінің  кітапханашысы Бекжанова Эльмира оқыды. Ақын барлық  жазған  ғашықтық  жырлары,  ақ сүт берген, ақ  бесігін  тербеткен қасиетті аналар тақырыбына да тоқталып  «Ананы жоқтау» өлеңін музыка мектебінің мұғалімі Әлжанова Әйгерімнің орындауында  тамашаланды.

Фаризаның тағы бір өлеңінде  қиын-қыстау кезіндегі әкесінің майданға кетіп оралмағандығын күрсіне еске алады. Осы бір сәтті  көп салалы колледжінің мұғалімі Күзембаева Назгүл« Әке туралы ой» өлеңімен жеткізді.Ақынның  «Тағзым», «Әйелдерге ода», туған жерге арналған «О, туған жер», «Фариза» өлеңдерін  көп салалы колледж мұғалімі Қосмағанбетова Айнагүл, гимназия мектебінің кітапханашысы Қонарбаева Қарлығаш, орталық кітапхана  библиографы Шайхина Райса нақышына келтіріп оқыды.

«Мен сенің жүрегіңдемін» кітап көрмесіне оқу залының кітапханашысы Қ.Ирболатова  шолу жасап өтті. 
 Әлия ауылдық кітапханасында бұл шараға  апталық өтті.                                        

  1 күн: - Акцияның ашылуы,  «Дала –менің қазынам, жыр  сандығым»  кітап көрмесі.

2 күн: - «Дауа» кітабының тұсаукесері, библиографиялық шолу.

3 күн:- Фариза.Фаризажан. Фаризақыз» кітапхана  сағаты

4күн:-  Ғашықтық  жырлар поэзия   сағаты

5күн: -«Фариза жырларындағы ерлік»  тақырыбы  шығармалар  сайысы

6күн:-Қорытынды, Сауалнама. 

   Бегалы ауылдық кітапханасында  «Қазақ поэзиясының асқар шыны »атты  поэзиялық кеш өткізілді.Қазақ поэзиясында  өзіндік қолтаңбасымен, өзіндік үнімен зор дауысымен, өр сөздерімен биік парасатымен     Фариза есімі  мәңгі  қалды.Кітапхананың тұрақты  оқырмандары  М.Мақатаевтың «Фариза» өлеңін оқыды. Айгөлек бала –бақшасының тәрбиешілері Жотаева Назира мен Биктулина Динара «Жаным –дала, көгінде бұлт арылмай», «Жаралған деп жат үшін» өлеңдерін оқырман қауымға мәнерлеп оқып  жеткізді.                                  





Комментариев нет:

Отправить комментарий