понедельник, 23 сентября 2013 г.



Құрметті  оқырман!

     Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго,Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды.
«Бір кітап, бір Чикаго» бағдарламасы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады. «Жаппай оқу оқиғасы» жыл сайын Англяның оңтүстік-батысында өткізіліп тұрады.
    «Жаппай оқу» үрдісі 2007 жылдан бастап біздің елімізде де бастау алды.

Акцияның  мақсаты:  оқу мәдениетін дамыту және қолдау, қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау,ана тілімізгет деген қамқорлықты ұлғайту,  оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатымен ұйымдастырылған шара  2007 жылдан бері өтіп келеді. Бұған дейін Абайдың,  Мұхтар Әуезовтің,  Оралхан Бөкейдің,  Жұбан Молдағалиевтің,  Жүсіпбек Аймауытовтың  шығармалары оқылған.
 Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Бір ел - бір кітап» акциясына биыл Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты  лирикалық жыр жинағы ұсынылды. Яғни, кітапхана оқырмандары бір жыл бойы ақынның барлық шығармаларымен таныс болады.  60 – жылдары әдебиет әлемінің айшықты жанры – поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі Фариза Оңғарсынова болатын. Бүгінде  Фариза Оңғарсынованың  жыр туындыларын оқыйтындар көптеп кездеседі.                                                        
Оның шығармашылығының негізгі  тақырыптары-жақсылық пен жамандық, сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ар мен намыс. Көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылығы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние.

       Барлық халық болып таңдалған кітапты оқуға ат салыса отырып

ақынның өмірі мен шығармашылық еңбектеріне  , өткізілген іс-шаралар  жайында  таныс боласыздар.

  Келіңіздер, оқылық!.